Жаңалықтар

Өскеменде полиция қызметкерлері банкоматтарды күзетуде

Облыс орталығында полиция қызметкерлері банкоматтар мен төлем терминалдарының жанында кезекшілік етіп жүр. Негізгі мақсат – интернет арқылы жасалатын алаяқтықтың алдын алу.

Жақында тәртіп сақшылары үш бірдей алаяқтық әрекетті тоқтатты.

Бірінші жағдайда алаяқтар өздерін компания қызметкерлері ретінде таныстырып, ер адамды 3 миллион теңге аударуға көндірмек болған.

Екінші жағдайда қарт әйел бейтаныс адамға 35 мың теңге жібермек болған.

Үшінші оқиға инвестиция салу туралы ұсынысқа қатысты. Қарт адамға «кепілдендірілген пайда» уәде етіліп, оған арнайы «куратор» бекітілген. Ол алаяқтарға 3 миллион теңге аудармақ болған.

Тәртіп сақшылары тұрғындарға ескертеді:

– бейтаныс адамдардың ақша аудару туралы нұсқауларын орындамаңыз;
– «шұғыл» төлемдер туралы ақпаратқа сенбеңіз;
– күдікті қоңыраулар түскен жағдайда 102 нөміріне хабарласыңыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button