Төрт театрдың тоғысуы: Өскеменде «Shygys Sahna Fest» фестивалі өтеді

Бүгін Өскеменде бұрын-соңды болмаған «Shygys Sahna Fest» атты I театр фестивалінің салтанатты ашылуы өтеді.
Іс-шара облыстың мәдениет басқармасының қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Фестиваль 17:30-да басталады.
Ашылу кеші Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театры сахнасында өтеді. Кеш шымылдығы әйгілі «MAMMA MIA» қойылымымен түріледі.
Фестивальдің басты ерекшелігі – төрт театр ұжымының әртістері бір сахнада бас қосып, көрерменге өз өнерлерін ұсынады. Бұл жоба өңірдегі театр өнерін дамытуға және шығармашылық байланысты нығайтуға бағытталған.
«Shygys Sahna Fest» 23 ақпанға дейін жалғасады. Театр бағдарламасы туралы толық ақпаратты облыстық драма және оперетта театрының ресми парақшасынан білуге болады.
Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарын театр мерекесіне қатысуға шақырады.



