Жаңалықтар

Демалыс базасы өртке оранды — ШҚО

Бүгін Алтай ауданы Октябрьск кентіндегі демалыс базаларының бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Shygyslife.kz тілшісі.

Құтқарушылар өрт сөндіруге келгенде қызыл жалын екі үйдің ағаш құрылымдарын шарпып, көрші ғимаратқа қауіп төнген.

  • Өрт сөндірушілер 200 шаршы метр алаңды қамтыған өртті ауыздықтаған. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр, — дейді ШҚО ТЖД баспасөз қзыметі.

Құтқарушылар өңір тұрғындарын сақтық шараларын сақтауға шақырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button