Жаңалықтар

Қазақстандықтар Starbucks-қа бойкот жариялап жатыр

Starbucks желісінің Рамазан айында жариялаған «1+1» акциясы көпшілікке ұнамай, қазақстандықтар компанияға жаппай бойкот жариялап жатыр.

Акцияда 12:00-ден 14:00-ге дейін тегін кофе беру ұсынылған. Бұл уақыт ораза ұстайтын мұсылмандар үшін қолайсыз болғандықтан, олар жеңілдікті діни сезімдерге құрметсіздік деп бағалады.

Әлеуметтік желі қолданушылары компанияны сынға алып, науқанға қатыспауға шақырып жатыр. Кейбірі акцияны қорғағанымен, бойкотқа қолдау көрсеткендердің саны артып келеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button