Жаңалықтар
Зейнетақы ақшасына көз емдеуге өтінім қабылдау тоқтады

Бүгіннен бастап біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен көз емдеуге өтінім қабылдау тоқтады, деп хабарлайды Shygyslife.kz тілшісі.
Өтінім қабылдауды тоқтату – Денсаулық сақтау министрлігінің БЖЗҚ емделуге пайдалану ережелеріне енгізген өзгерістерімен байланысты. Тиісті бұйрық 3 желтоқсанда жарияланды. Жаңа ережелерге сәйкес, зейнетақы қаражатын стоматологияға да, офтальмологияға да пайдалануға рұқсат берілмейді, — делінген хабарламада.
«Отбасы банк» бірқатар бағыт тоқтатылғанына қарамастан, азаматтар БЖЗҚ артық қаражатты әлі де маңызды және қымбат ем түрлеріне пайдалана алатынын еске салды. Атап айтқанда:
- орфандық (сирек) ауруларды емдеу;
- реконструктивтік және қалпына келтіру операциялары;
- радионуклидті және радио-йод терапия;
- радиохирургиялық ем;
- протондық терапия.



