Басты жаңалықЖаңалықтар

Өскеменде жаңа айналма жол іске қосылды

Өскеменде Сәтбаев, Есенберлин даңғылдары мен Жібек жолы, Базовая көшелерінің қиылысында айналма жол жұмысын бастады.

Айналма жолда бес жолақ бар. Жүргізушілер жол белгілеріне мұқият болып, ережені сақтауы керек. Шеңбер бойымен қозғалу жылдамдығы 30 шақырымнан аспауы тиіс. Қозғалысты жеңілдету үшін қосымша оң жақ бұрылыстар жасалған.

Айте кетейік, алдағы уақытта жол айрығының екінші деңгейін ұстап тұратын тіректер орнатылады.

Таңертең және кешкі уақытта көлік көбейген кезде Сәтбаев пен Есенберлин даңғылдарында бағдаршам қосылады.

Қазір полиция қызметкерлері сол аумақта бақылау және түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Әзірге жол ережесін бұзғандарға айыппұл салынбайды, тек ескерту беріледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button