Жаңалықтар
Ертең Өскеменде қар жауады

«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша, 5 желтоқсан күні Шығыс Қазақстан облысында қар жауады.
Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүсігінде, шығысында жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді деп күтілуде.
Облыс орталығында ертең қар, бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-18 м/с.



