Жаңалықтар
Өскеменде 12 электробус пайда болады

Биыл Өскеменнің автопаркі 12 электробуспен толықтырылады. Бұл туралы қала әкімі Алмат Ақышов жолаушылар тасымалын дамыту жоспарлары жөнінде айтты.
Әкімнің сөзінше, биыл қалада жалпы саны 17 жаңа автобус жолға шығады. Оның 12-сі – электр қуатымен жүретін қытайлық электробустар.
Қала басшысы жаңа көліктер алдымен жергілікті ауа райы жағдайында сынақтан өтетінін атап өтті. Егер ешқандай қиындық туындамаса, алдағы уақытта қоғамдық көліктер кезең-кезеңімен электрлі түрге ауыстырылады.
Айта кетейік, 2018 жылы облыс орталығында қазақстандық электробус сынақтан өткен болатын. Алайда тест нәтижесіне байланысты ол тұрақты маршрутқа шығарылмаған.



