Жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды — ШҚО

Бүгін 10.00-ден бастап Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы республикалық және облыстық маңыздағы тас жолдарда тіркемесі бар және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды.
ШҚО ТЖД-ның мәлімдеуінше, шектеу енгізуге ауа райының қолайсыздығы және көктайғақ себеп болған. Кешелі бері облыс аумағында қар жауып тұр, жол аса көрінбейді. Шектеу Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы бағытындағы тас жолдың 1104–1191 шақырымында (Глубокое кенті мен Шемонаиха қаласының арасы), Өскемен – Риддер – РФ шекарасы бағытындағы тас жолдың 15–105 шақырымында (Белоусовка кенті – Риддер қаласы) енгізілді.
Сондай-ақ бүгін сағат 10.00-ден бастап облыстық маңыздағы Шемонаиха – Секисовка жолының 0–56 шақырымында тіркемесі мен жартылай тіркемесі бар жүк автокөліктеріне шектеу енгізілді.



