Жаңалықтар

Өскеменде бұралқы ит пен мысықтарды аулау жұмыстары жүргізіледі

Өскеменде 1000 бұралқы ит пен мысықты аулау жоспарланып отыр. Бұл туралы ақпарат мемлекеттік сатып алу порталында жарияланды.

Жауарларды аулауға 7 758 620 теңге бөлінген. Жыл соңына дейін аулау жұмыстарын жүргізетін ұйыммен келісімшарт жасалады.

Жоспар бойынша қоғамдық орындарда иесіз және қараусыз жүрген ит пен мысықтар ауланады.

Бұл жұмыстар жергілікті билік органдарының өтініштері негізінде белгіленген кесте бойынша жүргізіледі. Сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың жазбаша немесе ауызша өтінішінен кейін жануарлар 24 сағат ішінде аулануы тиіс. Егер жануар адамдарға немесе басқа жануарларға қауіп төндірсе, заңмен рұқсат етілген арнайы дәрілер қолданылуы мүмкін.

Егер жануар адам өміріне немесе денсаулығына қауіп төндірмесе, оған зарарсыздандыру немесе кастрация жасау шаралары жасалады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button