Жаңалықтар
-40 градус:Өскеменде сабақ қашықтан өтеді

Облыс орталығында ауа температурасының –40 градусқа дейін төмендеуіне байланысты 1 және 2 ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшіріледі.
Шығыс Қазақстан облысында екі күн қатарынан күн қатты суық болды. Бүгін өңірдің кейбір аудандарында оқушылар сабақты онлайн форматта оқыды.
Мамандар ата-аналар мен оқушылардан қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды. Қатты аяз кезінде балаларды ұзақ уақыт далаға шығармау ұсынылады.



