Жаңалықтар

Құтқарушылар Алғыс айту күніне орай қызмет ардагерлерін құттықтады

Құтқарушылар қызмет ардагерлеріне барып, азаматтық қорғаныс жүйесінде ұзақ жыл қызмет етіп, өмірін осы іске арнаған аға буынға ерекше алғыс пен құрмет көрсетті. Қызмет ардагерлерін құрметтеу дәстүрі құтқарушылар арасында көп жылдан бері жалғасып келеді.

Аға буынның өмірлік үлесі, тәжірибесі мен даналығын мойындау – құрмет мәдениетін қалыптастырады. Қарттар – «алтын қор», олардың тәжірибесі мен тағылымы ұрпақтан ұрпаққа беріліп, еңбегі мемлекеттің дамуына ықпал етті.

Жылы, шынайы әңгімеден кейін Төтенше жағдайлар қызметінің ардагерлері өздеріне көрсетілген көңіл мен қамқорлық үшін алғыстарын білдірді.

Осындай қарапайым әрі шынайы істер ұрпақтар сабақтастығын нығайтады.

Осы күні ШҚО ТЖД қызметкерлері отбасылық үлгідегі балалар ауылында тәрбиеленушілер ұйымдастырған концертке қатысты. Осылайша балалар, құтқарушыларға өздеріне үнемі көңіл бөліп, қауіпсіздік шараларының алдын алу жұмыстарына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

Қазақстанда Алғыс айту күні дәстүрлі түрде мұқтаж жандарға көмек көрсетуімен ерекшеленеді. ШҚО ТЖД қызметкерлері азық-түлік себеттерін және бірінші кезектегі қажетті заттарды жинап, әлеуметтік тұрғыдан осал отбасыларға табыстады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button