Жаңалықтар

ШҚО-да туристік жолдар жөнделеді

Бүгін Үкімет отырысында жол саласын дамыту мәселесі қаралды. Жиында облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов өңірде атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Аймақ басшысының айтуынша, елді мекендер мен туристік аймақтарға апаратын жолдарды ретке келтіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Қазір облыстағы жолдардың 94 пайызы қанағаттанарлық жағдайда. Өткен жылы ауылдарға апаратын 90 шақырым жол мен туристік нысандарға баратын 160 шақырым жолға орташа жөндеу жасалған.

Биыл туристік бағыттағы 114 шақырым жолды және елді мекендерге кіреберіс 100 шақырымнан астам жолды жөндеу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Шемонаихада Үбі өзені арқылы өтетін көпірді жаңарту жобасы дайын. Ал Өскеменде Ертіс өзеніне жаңа көпір салу жобасы әзірленіп жатыр. Жобаның мемлекеттік сараптамасы шілде айында аяқталады деп күтіліп отыр.

—Облыста «E-Joldar» платформасы арқылы жолдарға цифрлық паспорттар жасалып жатыр. Биыл бұл жұмыс аудандық жолдар мен елді мекендердің көшелерінде жалғасады. Биыл 300 шақырымнан астам жол мен көшені қамтитын жаңа жобаларды іске қосу жоспарланған,-деді облыс әкімі Нұрымбат Сақтағанов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button