Басты жаңалықЖаңалықтар
Жазда Ертіс көпірі жабылады

Өскемендегі Ертіс көпірі 1 маусымнан бастап күрделі жөндеуге жабылады. Бұл туралы қала әкімі Алмат Ақышов мәлімдеді.
Әкімнің айтуынша, көпірге жыл сайын жөндеу жұмыстары жүргізілгенімен, айтарлықтай нәтиже болмаған. Аз уақыттың ішінде жолда ойық-шұңқырлар қайта пайда болған. Себебі көпірдің төменгі жабыны дұрыс салынбаған.
Осыған байланысты биыл көпірге толық күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Көпір ішінара жабылады, сондықтан жүргізушілерге уақытша қолайсыздықтар туындауы мүмкін.
Жөндеу жұмыстары тамыз айының соңына дейін жалғасады. Қала билігі тұрғындардан түсіністікпен қарауды сұрайды.



