Жаңалықтар

Өскемен—Зайсан әуе рейстері ашылды

Өскемен мен Зайсан қалалары арасында жаңа әуе рейстері іске қосылды.

1–27 наурыз аралығында «Южное Небо» әуе компаниясы аптасына екі рет — дүйсенбі және жұма күндері — ұшады.

Ұшу уақыты – 1 сағат. Бұл рейс жолға кететін уақытты едәуір қысқартып, жолаушыларға ыңғайлы мүмкіндік береді.

Ұшу кестесі:

Дүйсенбі:

Өскемен – Зайсан: 12:00–13:00
Зайсан – Өскемен: 13:30–14:30

Жұма:

Өскемен – Зайсан: 09:00–10:00
Зайсан – Өскемен: 10:30–11:30

Қосымша ақпарат алу үшін 8 (7252) 920450 немесе 8-777-502-51-84 (WhatsApp) нөміріне хабарласуға болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button