Жаңалықтар
Өскеменде кейбір оқушылар қашықтан оқиды

Ертең Өскеменде бірінші ауысымда оқитын 0–5 сынып оқушылары қашықтан оқиды.
Мұндай шешім қолайсыз ауа райына байланысты қабылданды. Синоптиктердің айтуынша, жаңбыр жауып, желдің жылдамдығы секундына 15 метрге дейін жетеді, сондай-ақ көктайғақ болуы мүмкін.
Осыған байланысты бірінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушыларының сабақтары онлайн форматта өтеді.



