Жаңалықтар
2026 жылы айлық есептік көрсеткіш мөлшері өседі

Келер жылы елімізде айлық есептік көрсеткіш 10%-ға қымбаттайды. Нақтыласақ, 4 мың 325 теңге болады, деп хабарлайды Shygyslife.kz тілшісі.
2026 жылдың қаңтарынан бастап, айыппұл мен әлеуметтік төлемдердің мөлшері артады. Бұған қоса келер жылы ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері 50 мың 851 теңгеге дейін көтерілсе, ең төменгі жалақы өзгеріссіз 85 мың теңге деңгейінде қалады. Бұл өзгерістер 2026-2028 жылдарға арналған бюджетке енгізілді.
Қазір бір АЕК мөлшері 3 мың 932 теңгеге тең болса, 2026 жылдан бастап ол 393 теңгеге өседі.



