Жаңалықтар

Адасып кеткен балықшы табылды ма? — ШҚО

Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында балық аулауға шыққан ер адам адасып кетті. Оқиға Алғабас ауылына жақын маңдағы Бұқтырма бөгені жағасында болған.

1962 жылы туған тұрғын достарымен бірге балық аулап жүріп, көліктен алысқа кетіп қалған. Салдарынан ол қараңғыда бағытынан жаңылып, өздігінен қайтуға мүмкіндігі болмаған.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға орнына құтқарушылар тобы жіберілген.
Іздестіру жұмыстары барысында ер адам табылып, аман-есен жағалауға жеткізілді. Оның денсаулық жағдайы жақсы, медициналық көмекті қажет етпеді.

ТЖМ тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button