Басты жаңалықЖаңалықтар

Халық ақыны Мұхтар Шаханов өмірден өтті

Белгілі қазақ ақыны, драматург, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов 83 жасында дүниеден өтті.

Қайғылы хабарды Мәдениет және ақпарат министрлігі растады. Министрлік марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтып, оның қазақ руханиятына қосқан үлесін атап өтті.

Мұхтар Шаханов — қазақ поэзиясында өзіндік орны бар тұлға. Ол терең мағыналы өлеңдерімен ғана емес, елдегі маңызды мәселелерге үн қосып, азаматтық ұстанымын ашық білдіргенімен де танылды. Халық арасында өзінің батыл мінезімен, әділдігімен құрметке ие болды.

Ақын 1942 жылы Түркістан облысында дүниеге келген.Ол бір кезеңде Парламент Мәжілісінің депутаты болып, заң шығару жұмысына қатысқан.Сонымен қатар Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі қызметін атқарып, екі ел арасындағы дипломатиялық байланысты нығайтуға үлес қосқан.

Еске салайық, сәуір айының басында оның денсаулығына байланысты ем алып жатқаны белгілі болған еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button