Жаңалықтар
Ертең Өскеменде ауа сапасы нашарлайды

Облыс орталығында ауа сапасының нашарлауына байланысты ескерту жарияланды. Бүгін сағат 20:00-ден ертең сағат 20:00-ге дейін екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайларға тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман және атмосфералық инверсия сияқты құбылыстар жатады. Азық-түлік сатып алу немесе ұзақ уақыт көшеде шығу сияқты жоспарларыңыз болса шегеруге кеңес береміз!



