Жаңалықтар

Өскеменде радиоактивті қалдықтарды жою пункті салынады

Облыстық мәслихаттың 26-сессиясында өңірдегі стратегиялық кәсіпорындардың қауіпсіздігіне қатысты маңызды мәселе қаралды. Депутаттар Өскеменде қатты радиоактивті қалдықтарды жою пунктін қайта салуды мақұлдады.

Үлбі металлургиялық зауыты аумағындағы қазіргі пункт келесі жылдың 1 қазанына дейін толып қалатыны белгілі болды. Өндірістің тоқтап қалмауы үшін қолданыстағы қалдық сақтау орнын қайта құру туралы шешім қабылданды. Жаңа нысан қазіргі көму пунктіне жақын орналаспақ.

Облыстық мәслихаттың шешімінен кейін жоба Үкімет деңгейінде қаралатын болады.

Бұл қадам аймақтағы уран өндірісінің үздіксіз жұмысын және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button