Жаңалықтар

Микроавтобус жолдан шығып кетті — ШҚО

Өскемен – Семей бағытындағы республикалық маңызы бар тасжолда жол-көлік оқиғасы тіркелді. Автожолдың 64-шақырымында қатынаған рейстік микроавтобус белгісіз себептермен жолдың жүру бөлігінен шығып кеткен.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жүргізуші қауіпсіздік талаптарын сақтамаған. Атап айтқанда, жолдағы ауа райы жағдайын ескермей, жылдамдықты дұрыс таңдамағандықтан, көлікті басқаруда қиындық туындаған.

Микроавтобустың салонында 9 жолаушы болған. Ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, көлікті жол жиегінен шығарып алуға көмектесті.

Полиция өкілдері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, әсіресе қысқы кезеңде ауа райы мен жол жағдайына аса мұқият болуға шақырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button