Жаңалықтар

Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

Облыс аумағында бірнеше күннен бері толассыз қар жауып тұр. Қазіргі уақытта коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Коммуналдық қызметтердің күні-түні тынбай еңбек етіп жатқанына қарамастан, қаланы толық қар құрсауынан босату мүмкін болмай тұр.

Қар түні бойы толассыз жауды. Барлық учаскені бірнеше рет қайталап тазартуға тура келді. Жолдар мен тротуарларды таза ұстау үшін бригадалар демалыссыз жұмыс істеп жатыр, — дейді «Таза Өскемен» кәсіпорнының өкілдері.

Айта кетейік, алдымен негізгі магистральдар, қиылыстар, көпірлер мен әлеуметтік маңызы бар нысандарға баратын жолдар тазаланады. Коммуналдық қызметтер де күшейтілген редимде жұмыс кестесін сақтап, жұмыстарын жалғастырады.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button