Жаңалықтар

Грант көбейді, шәкіртақы екі есеге өсті

Елімізде жастардың жоғары білім алу мүмкіндігі артып келеді. Соңғы бес жылда білім беру гранттарының саны 65 мыңнан 93 мыңға дейін көбейген.

Сонымен қатар өңір жастарына арналған қосымша гранттар бөлініп, түрлі қорлар мен жоғары оқу орындары арқылы қолдау көрсетіліп жатыр.

Студенттердің әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында да бірқатар шара қолға алынған. Мәселен, бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы 2020 жылмен салыстырғанда екі есеге өсіп, 52 мың теңгеден асты. Ал педагогикалық мамандықта оқитын студенттер қазір 84 мың теңге шәкіртақы алады.

Студенттерді баспанамен қамтамасыз ету мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Тек өткен жылдың өзінде елімізде 10 мыңнан астам орынға арналған 30 жаңа жатақхана пайдалануға берілді.

Сондай-ақ ата-ана қамқорлығынсыз қалған жастар мен I және II топтағы мүгедектігі бар студенттердің жатақханада тұру шығындарын мемлекет өтейді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button