Жаңалықтар

ШҚО жастары чемпион атанды

Көкшетауда өткен ауыл жасөспірімдерінің IV республикалық қысқы ойындарында Шығыс Қазақстан облысының құрама командасы жалпыкомандалық есепте чемпион атанды.

Төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын дүбірлі додаға еліміздің 13 өңірінен келген спортшылар қатысып, шаңғы жарысы, конькимен жүгіру және шайбалы хоккей бойынша бақ сынады.

Шығыс Қазақстанның жас спортшылары жеке және командалық сайыстарда жоғары нәтиже көрсетіп, айқын басымдықпен үздік шықты. Жалпыкомандалық есепте қыздар құрамасы бірінші орынды иеленсе, ұлдар командасы екінші орынға тұрақтады.

Құрама команданың жоғары нәтижесіне тәжірибелі бапкерлердің еңбегі зор. Атап айтқанда, шаңғы жарысы бойынша Валерий Трифонов, конькимен жүгіруде Татьяна Берсенева, шайбалы хоккейде Игорь Гаджиев жас спортшыларды жарысқа дайындады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button