Отшашуды қайдан аламыз? — Өскемен

Шығыс Қазақстан облысының Мемлекеттік өрт бақылау департаменті мереке қарсаңында аймақтық базарлар мен сауда орындарында полиция қызметкерлерімен бірлескен рейдтер жүргізіп жатыр. Тексерулердің негізгі мақсаты – пиротехникалық бұйымдардың заңсыз сатылуын анықтау.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері отшашулар мен петардаларды тек арнайы рұқсаты бар, мамандандырылған дүкендерден ғана сатып алу қажет екенін ескертеді. Ведомство мәліметінше, бүгінде облыс аумағында отшашуды заңды түрде сатуға рұқсат алған бірнеше сауда нүктесі бар.
Өскемен қаласындағы заңды сауда нүктелері (8):
«Ұлан» ЖШС
Виноградова көшесі, 17а, «Дос-Нар» сауда орталығы
«Сити центр» сауда орталығы
Бажова көшесі, 331/1, «Самал» сауда орталығы
«Океан» сауда орталығы
Қазыбек би даңғылы, 20
«STiK2» ЖШС
Қ. Сәтпаев даңғылы, 76/2, METRO сауда орталығы
Magnum сауда орталығы
Жібек жолы көшесі, 1
ADK сауда орталығы
Бажова көшесі, 110
«PANNDA» сауда орталығы
Қ. Сәтпаев даңғылы, 8
Fresh Market сауда орталығы
Алтай қаласында
«Алтай Салют» ЖШС
Первомайская көшесі, 23/2
Риддер қаласында:
«Ұлан» ЖШС
«Валентина» дүкені,
Тәуелсіздік көшесі, 39



