Жаңалықтар

Балықшылар қар құрсауында қалған – ШҚО 

Өткен демалыс күндері Шығыс Қазақстан облысында «Орман және аңшылық шаруашылығына жедел ден қою жасағы» ММ инспекторлары Ұлан ауданында рейдтік іс-шаралар жүргізді. 

Рейдтердің мақсаты –табиғат қорғау заңнамасының, аңшылық, балық аулау және орманды пайдалану ережелерінің сақталуын бақылау.  

–Рейд барысында аңшылық алқаптар мен Сібір елігінің көші-қон жолдары тексерілді, — деді жедел ден қою жасағының баспасөз қызметі.  

Сонымен қатар инспекторлар қар құрсауында қалып қойған балықшыларға көмек көрсетіп, қауіпсіз жерге шығуына жәрдемдесті.  

Алайда қолайсыз ауа райы мен қалың қардың түсуіне байланысты Шүлбі су қоймасының кейбір учаскелерін тексеру мүмкін болмаған. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button