Жаңалықтар
ШҚО-да жаңа электр қуаты іске қосылады

Өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін күшейту мақсатында алдағы жылдары 670,55 МВт жаңа электр генерациялау қуаты енгізіледі.
Бұл қуаттар қолданыстағы энергия көздерін жаңғырту және жаңа су электр станцияларын салу есебінен қамтамасыз етіледі. Атап айтқанда, 162 МВт қолданыстағы жылу және су электр станцияларын жаңғырту арқылы, ал 148,6 МВт қуат 9 жаңа су электр станциясын салу нәтижесінде іске қосылады.
Жобалар 2027–2030 жылдар аралығында кезең-кезеңімен пайдалануға берілмек.
Аталған бастамалар өңірде электр энергиясының тапшылығын азайтып, жаңартылатын энергия көздерінің үлесін арттыруға және энергетика саласының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.



