Жаңалықтар
Жұмыртқа импортына уақытша тыйым салынды

Отандық өндірушілерді қолдау үшін Қазақстанда жұмыртқа импорты уақытша тоқтатылды.
Қазақстанда тауық жұмыртқаларын ел аумағына әкелуге бір ай мерзімге тыйым салынды. Тиісті бұйрыққа Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы қол қойды.
Тыйым үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден көліктің барлық түрімен жұмыртқа әкелуге қатысты. Алайда Қазақстан аумағы арқылы өтетін транзитке шектеу қойылмайды.
Министрлік бұл шешім отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында қабылданғанын хабарлады.



