Жаңалықтар

Үздік аудан анықталады: Өскеменде гала-концерт

Өскеменде 19 желтоқсан күні «Туған жер – алтын бесігім» жобасының қорытынды гала-концерті өтеді. Қала мен аудан өнерпаздарының үздік нөмірлері көрерменге ұсынылады.

Гала-концерт Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының концерт залында сағат 17.00-де басталады. Жоба аясында жыл бойы қала тұрғындары мен қонақтары ән, күй мен би арқылы өнерпаздардың шығармашылығын тамашалады. Бұл жолы қорытынды кештің сахнасын өнердің үздіктері безендіреді.
Концертте аудан және қала өнерпаздарының ең үздік нөмірлері ұсынылады. Қонақтар ән, күй мен би өнерінің әсем көріністерін тамашалай алады.

Айта кетейік, былтырғы «Туған жер – алтын бесігім» жобасының қорытындысы бойынша он бір аудан әртүрлі номинацияларды иеленді. Бас жүлдені Риддер қаласы жеңіп алған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button