Жаңалықтар

ШҚО-да Азия параойындарының чемпиондарын қарсы алды

7-14 желтоқсан аралығында Дубай қаласында жасөспірімдер арасындағы V Азия параойындары өтті. Облыс атынан барған спортшылар халықаралық додада ел намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтижелермен елге оралды.

Кеше Өскемен қаласында байрақты бәсеке чемпиондары мен жүлдегерлерін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары спортшылар мен олардың бапкерлерін зор құрметпен қарсы алды.

Жүлдегерлердің арасында 50, 100 және 400 метр қашықтықта еркін жүзуден үш алтын медаль, 100 метр баттерфляй әдісімен жүзуден күміс жүлде иеленген Виктор Волков, 100 метр арқамен жүзуден чемпион атанып, эстафеталық жарыста жүлдегер болған Кирилл Ресслер, 100 метр арқамен жүзу және 400 метр еркін жүзу қашықтықтарында күміс медаль жеңіп алып, эстафетада да жүлдеге қол жеткізген Матвей Пахомов бар.

Салтанатты шараға облыстық атқарушы органдардың өкілдері, спорт федерациялары, бапкерлер қауымы, қоғамдық ұйымдар мен өңірдің жас спортшылары қатысты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button