Жаңалықтар

Ардагердің жесірі баспанасыз қалды: көмек қолын созайық

13 желтоқсанға қараған түні Өскемен қаласындағы Сол жағалау ауданында орналасқан жеке тұрғын үйде өрт шықты. Оқиға Республика көшесінде тіркелген.

Алдын ала мәліметке сәйкес, өрт салдарынан 1923 жылы туған, Ұлы Отан соғысы ардагерінің жесірі Кайсекен Амышеваның үйі толықтай жанып кеткен. Тілсіз жау санаулы минуттар ішінде баспананы күлге айналдырған.

Үйдің шатыры опырылып, төбесі, терезелері мен есіктері жарамсыз күйге түскен. Қазіргі уақытта тұрғын үйді қалпына келтіру мүмкін емес. 90 жастағы қария өрт кезінде аман қалғанымен, үстіндегі киімінен өзге ештеңесі қалмаған.

Қарт ана қыстың суық мезгілінде баспанасыз қалып, уақытша тұратын орынға мұқтаж. Жағдайының ауырлығын ескерген туыстары мен жақындары тиісті мекемелерге және қала тұрғындарынан көмек сұрап отыр.

Осыған байланысты қала және облыс әкімдігіне, әлеуметтік қорғау органдарына, ардагерлер кеңесіне, сондай-ақ кәсіпорын басшылары мен бейжай қалмайтын азаматтарға қолдау көрсету жөнінде үндеу жасалды.

Қосымша ақпарат пен көмек көрсету мәселесі бойынша
8 777 406 14 92 (Назым, қызы, WhatsApp бар)
Қаржылай көмек көрсетуге арналған деректер:
Kaspi Gold 8 776 442 59 69 (Еркежан А, немересі)

Басқа жаңалықтар

Back to top button