Жаңалықтар
Екатерина Таранцева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды

Шығыс Қазақстан облысының спортшысы Екатерина Таранцева XX жазғы Азия ойындарында есу слаломынан қола жүлде иеленді.
Жапонияның Тоёта қаласында әйелдер арасындағы K1 санаты бойынша финалдық жарыс өтті. Екатерина Таранцева қашықтықты 112,23 секундта бағындырып, үшінші орын алды.
Алтын медальді жапониялық Ито Куруми 107,60 секунд нәтижесімен жеңіп алды. Күміс жүлде қытайлық Чэнь Линьге бұйырды. Оның нәтижесі – 111,70 секунд.
Екатерина Таранцева Азия ойындарында екінші рет қола медаль алып отыр. Спортшы 2022 жылы Қытайда өткен Азия ойындарында да K1 санатында үшінші орын алған болатын.
Екатерина Таранцева бұл жетістігіне бапкерлері Ольга Королева мен Светлана Куликова жетекшілігімен дайындалды.



