Жаңалықтар
ШҚО-да 15 инвестициялық жоба іске қосылады

Өңірде инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда жалпы құны 1,2 трлн теңгені құрайтын 83 инвестициялық жоба инвестициялық контурға енгізілген.
Аталған жобалар өңір экономикасын әртараптандыруға, өндіріс көлемін арттыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Жоспарға сәйкес, биыл жалпы құны 55 млрд теңге болатын 15 жоба іске қосылады.
Нәтижесінде 400-ден астам жаңа жұмыс орны ашылып, тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту деңгейі артады деп күтілуде. Бұл бастамалар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп, инвестициялық тартымдылығын күшейтпек.



