ЖаңалықтарСпорт
Өскеменде Pink Run жарысы өтеді

18 қазанда Самал саябағында Pink Run қайырымдылық жарысы өтеді.
Жарысты «Run Oskemen» қауымдастығы облыстық онкология және хирургия көпсалалы орталығымен және «Әділет» партиясымен бірлесіп ұйымдастырады.
Басталуы-07:00. Қатысушылар 3 немесе 5 шақырым қашықтықты жүгіреді.
Мәреге бірінші болып келген 50 адамға арнайы білезіктер беріледі. Сонымен қатар ең ерекше әрі қызықты киім киген қатысушыларға сыйлықтар табысталады.



