Жаңалықтар

Өскемен әуежайына 10,1 млн теңге айыппұл салынды

Өскемен әуежайы авиациялық отын бағасын негізсіз көтергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Антимонополиялық тексеру нәтижесінде нарықтың алты субъектісіне жалпы 10,1 млн теңге айыппұл салынды.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жүргізген тексеру барысында «Өскемен әуежайы» АҚ-ның авиациялық отынды бөлшек саудада жоғары бағамен сатқаны анықталды. Осыған байланысты әуежай әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

–Антимонополиялық бақылау бәсекелестікті қорғау, тауар нарығын талдау және бизнестің дамуына кедергілерді жою бағытында жүргізілген. 2025 жылы 17 нарықтық талдау жасалып, азық-түлік жеткізушілермен 18 антимонополиялық комплаенс-шартқа қол қойылған,-деді Шығыс Қазақстан облысының департамент басшысы Сәуле Бақберген.

Айта кетейік, айыппұлдың 10 млн теңгесі мемлекет кірісіне өндірілген.
Одан бөлек, көмір бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында екі ескерту берілген.
–Антимонополиялық бақылау бәсекелестікті қорғау, тауар нарығын талдау және бизнестің дамуына кедергілерді жою бағытында жүргізілген. 2025 жылы 17 нарықтық талдау жасалып, азық-түлік жеткізушілермен 18 антимонополиялық комплаенс-шартқа қол қойылған,-деді Шығыс Қазақстан облысы департамент басшысы Сәуле Бақберген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button