Жаңалықтар
Өскеменде жайдарман ойындары өтеді

9 қазан күні сағат 18:30-да Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында жайдарман ойындары өтеді. Сахнада Өскемен, Риддер және Зайсан қалаларынан келген командалар бақ сынайды.
Өскемен қаласынан «Микс Өскемен», «Премиум», «Ойнап айтамын», «Болашақ мұғалімдер» және EKTU құрамасы қатысады. Ал Риддер қаласынан «Эксклюзив», Зайсаннан «Гагарин» мен «Нұр-Зайсан» командалары өнер көрсетеді.
Ойын тартысты әзілдер мен көтеріңкі көңіл күйге толы болмақ.



