Жаңалықтар

Өскемендегі Республика алаңы жаңаруы мүмкін

Республика алаңын қайта жаңғырту жоспарланып жатыр. Қазір мамандар аумақтағы ағаштарды зерттеп, қайсысын сақтап қалуға, ал қайсысын кесуге болатынын анықтауда.

Қала тұрғындары соңғы уақытта алаңдағы ағаштарға түрлі белгілер қойылғанын байқаған. Әкімдіктің мәліметінше, бұл – әзірге бастапқы зерттеу жұмыстарының бір бөлігі.

Мамандардың түсіндіруінше, крест белгісі қойылған ағаштарды кесу, ал шеңбермен белгіленгендерін сақтау қарастырылып жатыр. Алайда түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ.

Қазір жобалау ұйымы алаңды жаңарту бойынша ұсыныстар әзірлеуде. Бұл жұмысқа дендролог пен геодезист те тартылған.

Жоба мақұлданған жағдайда Республика алаңы абаттандырылып, аумағы қайта көгалдандырылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button