Басты жаңалықЖаңалықтарСпорт
«BEREL» волейбол клубы Ұлттық лигада көш бастады

Шығыс Қазақстанның «BEREL» волейбол клубы әйелдер арасындағы Қазақстан Ұлттық лигасының турнир кестесінде бірінші орынға шықты.
Ақтөбе қаласында өткен чемпионаттың үшінші турында жерлестеріміз «Ақтөбе» командасымен екі рет кездесіп, екі ойында да жеңіске жетті. Екі матч та 3:0 есебімен аяқталды.
Осы нәтижеден кейін «BEREL» клубы үш турдың қорытындысы бойынша турнир кестесінің көшін бастады.
Енді шығысқазақстандық волейболшылар алдағы кездесулерде де жеңісті жалғастырып, чемпионаттағы жоғары орнын сақтап қалуға тырысады.



