Жаңалықтар
«Торпедо» Қазақстан чемпионатында бірінші орынға шықты

Өскеменнің «Торпедо» хоккей клубы 2026/2027 жылғы маусымда Қазақстан чемпионатының турнирлік кестесінде көш бастады.
Команда 26 матч өткізіп, 44 ұпай жинаған. Осылайша, 42 ұпайы бар елордалық «Номад» клубынан алға шықты. Әсіресе, басты қарсыластарының бірі «Номадты» жеңуі «Торпедо» үшін маңызды болды.
Осы маусымда өскемендік хоккейшілер 138 шайба соғып, өз қақпасына 46 шайба жіберген. Шайбалар айырмасы – +92.
Қазір «Торпедо» турнир кестесінде бірінші орында тұр. Алда команда тұрақты чемпионат аясында тағы бірнеше ойын өткізіп, көшбасшылық орнын сақтап қалуға тырысады.



