Басты жаңалықЖаңалықтар
ШҚО-да телеарналар жұмысы уақытша тоқтатылады

4 қараша күні Шығыс Қазақстан облысында телеарналар мен радиостанциялардың жұмысы уақытша тоқтатылады.
«Қазтелерадио» компаниясы осы күні профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Осыған байланысты сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін спутниктік, цифрлық эфирлік және аналогтік теле-радио хабар тарату уақытша тоқтайды.
Жоспарлы жұмыстар хабар тарату сапасын жақсарту және желілердің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.
Телеарналар мен радиостанциялардың жұмысы профилактикалық жұмыстар аяқталғаннан кейін қайта жалғасады.



