Балаларға арналған жол жүру картасын онлайн ашуға болады

Өскеменде 7 мен 18 жас аралығындағы балаларға арналған виртуалды көлік картасын енді үйден шықпай-ақ рәсімдеуге болады. Ол үшін ата-аналар ONAY! мобильді қосымшасын пайдалануы қажет.
Виртуалды карта тегін ашылады. Оның көмегімен балалар автобуста QR-код арқылы жолақысын жеңілдікпен төлей алады.
Картаны рәсімдеу үшін ата-аналар ONAY! қосымшасына тіркеліп, қажетті құжаттарды жаңартуы керек. Сондай-ақ баланың «Білім туралы мәліметтер» атты цифрлық құжаты болуы қажет.
Өтінім қосымша арқылы беріледі. Одан кейін телефонға келген SMS-кодты бір минут ішінде енгізу керек.
Маңызды жайт: егер бала бұрын жеңілдікпен жүретін пластикалық картаны пайдаланса, виртуалды карта ашылғаннан кейін ескі картасы бұғатталады.
Қосымша сұрақтар бойынша ONAY! байланыс орталығына +7 777 397 01 91 нөмірі арқылы хабарласуға болады.



