Жаңалықтар

Науқас бала тікұшақпен ауруханаға жеткізілді — ШҚО

Шығыс Қазақстан облысында Төтенше жағдайлар министрлігі санитарлық авиациясы кішкентай баланы шұғыл түрде Өскеменге жеткізді.
Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы кішкентай баланың өмірін құтқарып қалды. Сәбиге шұғыл медициналық көмек қажет болғандықтан, ол Алтай қаласынан облыс орталығына санитарлық авиация арқылы жеткізілді.
МИ-8 тікұшағымен ұшқан рейске тәжірибелі дәрігерлер Рафаиль Халитов пен Антон Волков қатысып, жол бойы науқастың жағдайын бақылап отырды. «Қазавиақұтқару» тікұшағын ұшқыштар Руслан Агламбеков пен Леонид Калеканов басқарды.

Жедел әрі үйлесімді әрекеттің арқасында бала Өскемендегі медициналық мекемеге аман-есен жеткізілді. Министрліктің мәліметінше, мұндай санитарлық рейстер адам өмірін сақтап қалуда маңызды рөл атқарады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button