Жаңалықтар

Алтай ауданында туберкулезден өлім-жітім саны азайды

Алтай ауданында туберкулезден өлім-жітім саны 66%-ға, ал одан науқастану 36,1%-ға төмендеді.

Ауданда медицина саласы қарқынды дамып келеді. Биыл ауданаралық аурухана аумағында магнитті-резонансты томография орналастыруға арналған ғимарат құрылысы басталды. Ал Тұрғұсұн ауылындағы дәрігерлік амбулатория салынып бітуге таяп қалды. Жыл соңына дейін медициналық мекемелерге 4 заманауи жабдық сатып алынады.

«Бүгінде Алтайдағы денсаулық сақтау нысандарының құрал-жабдықпен қамтылу деңгейі – 83,1%. Биылғы жылдың басынан қатерлі ісіктен өлім-жітім 8,7%-ға, туберкулезден өлім-жітім 66%-ға, туберкулезбен науқастану 36,1%-ға төмендеді. Жалпы аудан бойынша 21 дәрігер жетіспейді», — деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Өз сөзінде ол денсаулық сақтау басқармасының басшысы мен Алтай ауданының әкіміне қажетті медициналық кадрларды тарту бойынша тиісті жұмыстарды жүргізуді тапсырды.

Одан бөлек, білім саласына қатысты да оң өзгерістер бар. Осы жылы Жаңа Бұқтырма кентінде 200 орындық мектеп құрылысы аяқталды. 10 білім ордасында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ мектептерге 3 оқу кабинеті сатып алынды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button